Республикалық «Таза Қазақстан» акциясын Түркістан облысы білім басқармасы да қолдап, білім беру ұйымдары жаппай сенбілікке шықты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлынан бастап, басшы орынбасарлары, бөлім басшылары мен мамандар аудандарға барып, тиісті тазалық жұмыстарын жүргізді.
50 мектептен кейінгі кәсіптік білім беретін колледж, 1049 жалпы орта білім беретін мектеп, 1421 мектепке дейінгі ұйым өз мекемелерін тазалап, гүл, ағаштар отырғызды. Олардың әрқайсысы қолдарына құрал-саймандарын алып, өздеріне бөлінген аумақты қыс бойы жиналған қоқыстардан арылтты.
Ұстаздар қауымы бұл игі үрдісті өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулудың бір белгісі ретінде қабылдады. Таңертең басталған тазалық жұмыстары түске дейін жалғасты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.