Бүгін Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен, барлық полиция басқарма және бөлім қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Негізгі мақсат — Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық шарасына қолдау білдіру, табиғат жанашыры ретінде тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосу.
Сенбілікте полиция қызметкерлері өздерінің жұмыс орындарын, оның ішкі-сыртқы аумағын түгелдей тазартып шықты. Күрек пен сыпыртқыларын қолдарына алып, қоқыстардан тазартып, ағаштардың айналасын қопсытып, суғарды. Тал егіп, департамент ауласын көгалдандырды.
Алдағы уақытта да айналаның таза болуы үшін полиция қызметкерлері іс-шараны жалғастыра бермек.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.