Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 550 млн долларға жуықтаған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 11 шілде, 2024

2024 жылдың 6 айында Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 549,4 млн. АҚШ долларын құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда тауар айналым көрсеткіші 80,1 млн. АҚШ долларына көбейген,-деп хабарлайды turkistan.today

Өңірдің негізгі сауда серіктестерінің көшін Өзбекстан елі бастаса, Түркіменстан екінші орында. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов брифингте мәлімдеді.

«Облыстан негізі экпортталатын тауарлар қатарында мақта, ет, көкөніс және қант өнімдері бар. Ал, импорт құрылымында негізгі көрсеткіштерді көкөніс, жеміс-жидек пен автокөлік бөлшектері құрап отыр»- деді департамент басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, спикер кедендік бақылау бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жайында да айтты. Осы жылдың 6 айында 3746 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 155,2 млн.теңге айыппұл салынған. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымында 8 кеден бекеті және 2 өткізу пункті бар.

693

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.