Түркістан облысының тұрғындары "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсенді қолдау көрсетуде

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 10 сәуір, 2024

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түркістан облысының барлық қала, аудандары тазалық жұмыстарын бастап кеткен,- деп хабарлайды turkistan.today.

 Нақтырақ айтсақ, «Таза өлке – Түркістан» науқаны бойынша Түлкібас, Шардара аудандарында күллі мұсылманға ортақ Рамазан айт мейрамы қарсаңында тазалық жұмыстары қарқын алды. 
Түлкібас ауданында жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазарту, ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарына тұрғындар белсене кіріскен. Сонымен қатар «Таза өлке» апталығында Шардара ауданының тұрғындары мен мекеме қызметкерлері айналаны тазарту жолында аянбай еңбек етуде.

Осы қарқынмен Шардара ауданының тұрғындары мен мекеме қызметкерлері Қазыбек би, Төлеби көшелеріне тазалық шарасын жүргізді. Сондай-ақ, аудан тұрғындары өзге де жандарды игі бастамаға қолдау білдіруге шақырды. Аудан аумағында тазалық жұмыстары жалғасын табады.

318

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.