Түркістан облысының үздік шахматшылары анықталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 12 қазан, 2023

Түркістан қаласында «Шахмат керуені» өз мәресіне жетті. Еліміздің әрбір өңірін аралап, үздіктерді анықтауды көздеген жобаның киелі шаһардағы сайысында 20 шахматшы бақ сынады. Нәтижесінде 52 жастағы Нартай Ердіханов жүлделі І орын тұғырынан көрінді. Ол 40 жылға жуық уақыт шахматпен айналысқан. ІІ орын жүлдегері атанған Әселай Сейдулла 10 сыныпта оқиды. Ал ІІІ орынды иеленген Сман Мүтәлиев 30 жыл үзілістен кейін шахмат тақтасын қайта қолға алған. Енді осы үш ойыншы да бір айдан соң Түркістан қаласында болатын гранд-финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Сондай-ақ, жартылай финал қорытындысы бойынша 13 жасар Әсия Асылхан «Әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш», Еркебұлан Ерболатұлы «16 жасқа дейінгі үздік қатысушы» және Есбол Сәбденов «50 жастан асқан үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталды. Әр аталым иесіне 30 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, турнирдің 10 қатысушысы жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық деңгейдегі шахмат шебері Әсел Серікбаймен бір мезеттік ойын сеансына қатысу мәртебесіне ие болды.

Айта кетсек, осыдан бір  ай бұрын Қазақстан шахмат федерациясы  өңірлердегі интеллектуалды спорт түрін дамыту үшін «Шахмат керуені» жобасын қолға алған еді. Ұлттың зияткер ұрпағын қалыптастыруды мақсат еткен жобаға «Freedom Broker» компаниясы бас демеушілік жасап отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

937

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.