Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы кәсіпкердің құжаттарын уақытылы ресімдеуге кедергі келтірген

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 25 сәуір, 2023

 Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнес өкілі "Аңсай" кен орнында барит өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты ресімдеу кезінде облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан құқықтық қатынастарда әкімшілік кедергілер туындағаны туралы шағым түсірді, деп хабарлайды Turkistan Today.


Кәсіпкердің шағымын облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қарау барысында кәсіпкердің қолында жер комиссиясының шешімі мен рұқсат беру құжаттары бола тұрып, құқық белгілейтін құжатты ресімдеу мәселесін қарау кезінде негізсіз кедергілер жасалғаны белгілі болды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тікелей қатысуымен кәсіпкер мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды, оның нәтижелері бойынша облыс әкімінің жер қойнауын пайдалану жөніндегі жер учаскесіне құқық беретін қаулысы шықты. Осылайша, кәсіпкердің құқықтары құқық белгілейтін құжатты алу жолымен қорғалды. 

1.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.