Түркістан: Ордабасыда екі ауыл ауыз сумен қамтылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 20 қазан, 2023


Республика күніне орай Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіне қарасты Бейсен, Мақташы ауылдарындағы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға таза, сапалы су берілді.
Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, қараспандықтарды алда келе жатқан айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Turkistan Today.


– Ұзақ жылдар бойы құдық суын тұтынып келген ауылдастардың қуанышы құтты болсын. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалар әліде жалғасын табады. Еліміз үшін орны бөлек  Республика күні қарсаңында аулаларыңызға таза су құбыры тартылып отыр. Алдағы уақытта ауылды көгілдір отынмен қамту жұмыстарын да жеделдетіп аяқтаймыз, – деді аудан әкімі.


Айта кетейік, Бейсен, Мақташы ауылдарына ауыз су жүргізу жұмыстарын мердігер «Жылуэнерго ремонт» ЖШС 2021 жылы бастап, биыл пайдалануға беріп отыр. Нәтижесінде жеке-жеке Бейсен ауылындағы 400-ге тарта, Мақташыдағы 982 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

738

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.