Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда 1 қазан – Қарттар күніне арналған салтанатты мерекелік жиындар өтуде. Осындай іс-шаралардың бірі Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Іс-шарада аудан өнерпаздары ұрпақ тәрбиесіндегі қарттардың рөлі жайында әсерлі қойылым қойып, өскелең ұрпақты қарттарды құрметтеуге шақырды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Мерекелік жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков қатысып, ардагерлерді мерейлі мерекесімен құттықтады.
Мерекелік шара барысында аудан басшылары ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әжелерге мерекелік сыйлық табыстады. Сонымен қатар қарттар арасында өткен спорттық сайыс жеңімпаздарын арнайы Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Мерекелік жиын аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.