Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Ауылдың кіреберісі Арыс және Аббасов көшелерінің қиылысындағы «Құртай» каналы бойындағы гүлзар елді мекеннің ажарын аша түспек,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «DosGrupp» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа беріледі деп жоспарлап отыр. Онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалатын болады.
Алдағы уақытта аудан орталығының сәнін келтіріп, көркін ашатын гүлзар темірландықтардың сүйікті демалыс орнына айналмақ. Онда егілген ағаш көшеттері ауа райының аптап ыстығында жаяу жүргіншілерге сая болары анық.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.