Түркістан: Ордабасылық көпбалалы ана кәдесыйды кәсіп еткен

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 3 қараша, 2023

Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылының тұрғыны Гүлшат Ақмұрзаева жеке кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана. Жеті баланың тәрбиесімен бірге кәсіпкерлікті қатар алып жүрген Гүлшат кәдесый дайындап көпке үлгі көрсетіп жүр, деп хабарлайды Turkistan Today.


Кәсіпкер 2022 жылы «Бастау- Бизнес» жобасына қатысып, ерекше бизнес жобасымен қайтарымсыз грант ұтып алған. Бүгінде ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында қазақы нақышта, заманауи үлгіде кәдесыйдың мыңнан аса түрін жасап, тұтынушыларға ұсынуда. 


- Көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер көп. Соның бірі қайтарымсыз гранттар. Бұл іс бастаймын деп ниеттенгендер үшін үлкен қолдау.  Қазіргі таңда жұмыс барысында балаларым көмектеседі. Отбасымызбен бірлесіп жасап, күніне 100-ге жуық кәдесый дайындаймыз. Қазақы нақышта дайындалған өнімге қызығып, тапсырыс берушілер қатары көп,- дейді кәсіпкер.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

535

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.