Түркістан: Отырарда экологиялық акция аясында саябақтар мен демалыс орындары қоқыстан тазартылып жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 10 сәуір, 2024

Отырар ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығында белсенділік танытуда,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Жалпыхалықтық іс-шараға 300-ге жуық адам қатысып, 4 арнайы техника жұмылдырылған. Аудан орталығының басты көшелерінің бірі «Жібек Жолы» даңғылы бойындағы саябақтар, скверлер мен демалыс орындары толық тазартылып жатыр. Нәтижесінде 30 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған. 

Сондай-ақ, акция аясында аудан орталығын көріктендіру мақсатында арнайы орындарға «Петушок», «Алиссум», «Шафран», «Бархатцы» секілді 10 мыңға жуық әсем гүлдердің сорты егілген. Жалпы биыл 21 мың түп гүл отырғызу жоспарланған. 

Айта кету керек, республикалық акция аясындағы тазалық жұмыстары аудан орталығынан бөлек ауыл округтерде де ұйымдастырылды. Шара барысында қоғамдық орындар мен көше бойлары күл-қоқыстардан тазартылып, ағаштар әктелді.   

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

362

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.