Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына іссапармен барып, Дербісек елді мекенінде салынып жатқан таза ауыз су құрылысының жұмысымен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылы басталған бұл құрылыс өткен жылы тапсырылуы қажет еді. Алайда, жауапты мердігердің тарапынан бұл жұмыстар әлі толық бітпей тұр. Осы ретте жұмыстарды жеделдетіп, мамыр айының соңына дейін аяқтау тапсырылды.
Іссапар «Жібек жолы» кеден бекетінде жалғасты. Өзбекстан Республикасымен шектесетін бұл аймақ туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Осы ретте кеден бекетінің инфрақұрылымын модернизациялау және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, бекет маңындағы валюта айырбастау пунктерінің жұмысын реттеу тапсырылды. Сондай-ақ шекаралық бақылаудан өтетін азаматтарға құжаттық бақылауды автоматтандыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Іссапар соңында Сарыағаш ауданының криминогендік жағдайы туралы мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары және ауылдық округі әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, жауапты басшылар баяндама жасады.
Одан бөлек, аудан-қала әкімдіктермен zoom платформасы арқылы жиналыс өтті. Онда «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы барысында атқарылған жұмыстар талқыланды. Акция басталғалы дұрыс атқарылмай жатқан және тиісті деңгейде орындалмаған мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар берілді. Бұл бойынша арнайы кесте бекітілген. Тазалық жұмыстары рет-ретімен орындалуда.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.