Түркістан: Сарыағашта кәсіпкерлік дамып келеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 24 мамыр, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Сапар барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен өңір басшысы Сарыағаш қаласында орналасқан «Бәйтерек-Шымкент» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кәсіпорын иесі Нұржан Қожамбеков өңір басшысына кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Кәсіпорынды дамытудың бірқатар жолдары ұсынылып, мемлекеттік қолдау көрсетудің бағыттары қаралмақ. 

Бүгінде 50-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтыған цех, айына 70-80 тонна  өнім өндіруге қауқарлы. Жоба құны 200,0 млн теңгені құрайтын цехта 40-қа жуық өнім шығарылуда. Қазіргі таңда өндірілген тәттілер еліміздің түкпір-түкпіріне ғана емес, сонымен қатар Әзербайжан мемлекетіне де жөнелтілуде.
 «Южконд» брендімен кондитерлік өнімдер өндіретін цех 2014 жылы алғаш рет нарықтағы жұмысын бастап, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясымен марапатталған. 

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 
 

387

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.