Түркістан: Сарыағашта цех тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа қорабын өндіреді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 ақпан, 2024

Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округінде жұмыртқа салуға арналған қорап шығаратын цех жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер  Қ.Лайбекова «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін дамытып, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде «SADYK-BEREKE» ЖШС-і тәулігіне 35 мың дана қорап өндіреді,- деп хабарлайды turkistan.today.

Қазіргі таңда цех «Сарыағаш-Құс» ЖШС, «Бесқара» ЖШС, «Шымкент-Құс» ЖШС, «Яссы-Құс» ЖШС және «Тассай-Құс» ЖШС сынды ірі жұмыртқа өндіруші мекемелерге өз өнімдерін жеткізіп беруде. Ең бастысы, құс фабрикалары үшін қораптың бағасы тиімді.

Айта кетсек, жұмыртқа салуға арналған қорап өндіретін цех өз жұмысын 2021 жылы бастап, бүгінде 16 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

635

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.