Түркістан: Сарыағашта зауыт тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа қорабын өндіреді

Түркістан: Сарыағашта зауыт тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа қорабын өндіреді

Сарыағаш ауданында өз кәсібін дөңгелетіп, жемісін жеп отырған кәсіпкерлік нысандары жетерлік. Солардың бірі - жұмыртқа қорабын өндіретін «SADYK-BEREKE» ЖШС-і. 2021 жылы жұмысын бастаған зауыт бүгінгі таңда тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа қорабын өндіреді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Өндіріс орны ауданның жұмыртқа қорабына деген сұранысын толықтай қамтамасыз етіп, «Сарыағаш-Құс» ЖШС, «Бесқара» ЖШС, «Шымкент-Құс» ЖШС, «Яссы-Құс» ЖШС және «Тассай-Құс» ЖШС-на өнімін жеткізіп беруде. Жиырмаға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтыған мекеме басшысы С.Жиренбаев алдағы уақытта өндіріс ауқымын арттыруға ниетті. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0