Түркістан: Сауранда батыр аналар марапатталды

Түркістан: Сауранда батыр аналар марапатталды

Республика күніне орай Сауран ауданында  ақ жаулықты 20 батыр ана марапатталды. Оның 6-ауы «Алтын алқа», 14-і «Күміс алқа» иегері. Аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев алтын құрсақты аналарды қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Сауран ауданында 2023 жылдың 3 тоқсаны бойынша әйел азаматшалардың саны  50 073 болып, халықтың 50,7 % құрап отыр. Ал 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар отбасы – 5050 болса, «Батыр аналар» – 122, көпбалалы аналар саны – 7729. І, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған аналардың саны  235-ке жетіп отыр. Аудан көлемінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» атанып жатқан аналар жылдан-жылға еселене түсуде. Қазіргі таңда «Алтын алқа» алған аналардың саны  494 болса, «Күміс алқа» алған аналардың саны – 1828.

Түркістан облысы  әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0