Түркістан облысында балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мемлекет тарапынан да қолдау күшейтілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидиялар беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Turkistan Today.
Осы орайда Сауран аудандық шаруалар балық шаруашылығын дамытуды қолға алмақ. Ауданның кәсіпкерлері арнайы Шардара ауданында орналасқан «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне арнайы барды. Оқу орталығында 5 күн қатарынан балықты өсіру, қолдан ұрықтандыру әдістері үйретілмек. 2021 жылы ашылған өндіріс орны, бүгінгі таңда балық шаруашылығымен жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Оқу орталығына Сауран ауданынан арнайы делегацияны аудан әкімінің кеңесшісі Бекзат Абубакиров бастап, ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы мен 15 кәсіпкер қатысты. Онда нысанның директоры Рысмұрат Оразхан делегация құрамына оқу орталығын көрсетіп, оқу курсымен толық таныстырып өтті. Балық шаруашылығын дамыту саласы бойынша арнайы технологиялармен таныстырып, саланың барлық қажетті фунцияларын көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.