Түркістан: Саурандықтар құтқарушыларға алғыстарын білдірді

Түркістан: Саурандықтар құтқарушыларға алғыстарын білдірді
Түркістан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 200-ге жуық аула судан тазартылған. Жалпы 85 аула аумағынан 197 текше метр су шығарылды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Облыстық жедел штабтың ақпараты бойынша эвакуацияланған Сауран ауданының тұрғындары үйлеріне орала бастады. Аймақта төтенше жағдай мен аудандық әкімдік қызметкерлері, еріктілер қарғын су салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған. Таудан келген суға тосқауыл қою мақсатында құм толған 200 дана қап әкелініп, бөгеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық әкімдіктің, жергілікті атқарушы органдардың дер кезінде жасаған үйлесімді жұмыстарының нәтижесінде, ауыл әкімдері мен құтқарушылардың атсаласуымен үлкен апаттың беті қайтты. Өз кезегінде саурандықтар құтқарушыларға өз алғыстарын білдірді. Аудан тұрғындары қол қусырып қарап отырмай өздері де апаттың зардабын жою жұмыстарын атсалысып жатыр.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басу салдарын болдырмау және азайту мақсатында аула аумақтарынан суды сорып шығару жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде ауыл аймақтардағы жол жиектеріне барлығы 15 000 астам құм салынған қап қойылған. Өңірде жедел желі іске қосылды.

Айта кетсек, бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданының төрт елдімекеніне барып, су басу салдарын жою барысымен танысты, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0