Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды,- деп хабарлайды turkistan.today.
Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өткізілмек. Сауран ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Қазіргі таңда аудан көлемінде ағаштардың түбін қопсыту, сырт келбетін көріктендіру, көшет орындарын дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.
Алдағы уақытта 26 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Бұған дейін наурыз айында Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің ішкі көшелерінің бойы мен іскерлік аумақтарға 25 мың түп қарағаш пен үйеңкі отырғызылған болатын. Сонымен қатар, Шорнақ мешітінің 3,5 гектар аумағына 1 000 түп жеміс ағаштары егілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.