Түркістан: Сайрам ауданында агроиндустриалды аймақ құрылмақ

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 6 сәуір, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданында өндірістік аймақ құру үшін мегаполиске жақын аумақтан жер учаскесін қарастыруды тапсырған болатын,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Облыс басшысы тапсырманың орындалу барысын тексеру мақсатында Сайрам ауданына іссапармен барып, агроаймаққа арналған жер телімін көрді. Ондағы инфрақұрылым тарту жобасымен танысты.

Облыс әкімінің индустриалды аймақтардағы өзекті мәселелер туралы хаттамалық тапсырмасына байланысты тиісті жұмыстар жүргізіліп, «Агроөнеркәсіп индустриалды аймағын құру» мақсатында Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Таскешу елді мекеніндегі шаруа қожалықтарының 90 гектар жер телімі мемлекет меншігіне алынды. Қазіргі уақытта Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан жер учаскесін беру туралы қаулы қабылдау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде және агроиндустриалды аймақты құру мақсатында концепция әзірлену үстінде.

Аудан әкімі Арман Сәбитов инфрақұрылым жүргізу жобасын таныстырып, қажетті қаражат көлемін мәлімдеді. Газ, электр қуатына қосылу мүмкіндіктерін баяндады. Тереңдігі 150 метр болатын 2 дана ауыз су ұңғымасын қазып, сиымдылығы 500 тонна болатын су резервуарын құру керек. Бұдан бөлек, ол жол салу жұмыстары туралы да айтты.

Жер телімі өндіріс аумағын күре жолмен тікелей байланыстыруға қолайлы А2 автомобиль жол бойында орналасқан. Бұл логистика үшін қолайлы. Өндіріс аймағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль жолы бойына жақын орналасқандықтан ішкі және сыртқы нарықтарына шығуға мүмкіндігі жоғары.

Дархан Сатыбалды аудан әкіміне маңызды жобаны жүзеге асыру барысы мен құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

388

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.