Сайрам ауданының Арыс ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында біршама шаралар қолға алынды,- деп хабарлайды Turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, елдімекен тұрғындары мен қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері және қала жастары Арыс өзенінің бойы мен орталық көшелерді, «Темір баба» кесенесі аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы саны 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында күл-қоқыс шығарылып, 3 шақырым арық-атыз тазартылды.
Сондай-ақ, санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстары бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағындағы ағаштар әктелді. Тұрғындардың қызу қолдауымен қарқынды өткен тазалық акциясында жалпы саны 1 500 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.