Түркістан: Сайрамда экологиялық акция аясында 3 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды

Түркістан: Сайрамда экологиялық акция аясында 3 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды

Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары қарқынды атқарылуда,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Игі шараға елді мекен тұрғындары, ерікті жастар мен мемлекеттік қызметкерлер белсене атсалысуда. 

Жасалған жұмыс нәтижесінде көше бойлары толықтай тазартылып, саябақтар мен скверлердегі ағаштар әктелді. Сонымен қатар, көше бойларына 2870 түп ағаш көшеті отырғызылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0