Түркістан: Сайрамда 2100 гектар жайылым жер мемлекетке қайтарылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 20 қыркүйек, 2023

Бүгінде жайылым тапшылығы әр өңірде кездесетін өзекті мәселеге ай­налды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Соның  нәтижесінде еліміздің әр өңірінде пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүруде, деп хабарлайды Turkistan Today.

Жалпы Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы жайылымды жерлерді қайтару жоспары - 5,5 мың гектар жер. Ал ауданның жалпы жер қоры – 114 761 гектар жерді құрайды. Жайылым жер көлемі – 24,5 мың гектар. Бүгінде 9 айда – 2100,5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ қайтару бағытында – 473,6 гектар жер, ол 13 іс  сотта қаралуда. 

Бүгінде Қайнарбұлақ ауылдық округінде 1049 гектар мемлекет меншігіне өткен. Биыл Құтарыс ауылдық округі 126 гектар қайтарылса, ал 285 гектар жайылымдық жер учаскесіне ауыл тұрғындарының малын жаю үшін ауылдық округ әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беру мәселесі қаралып, Жер комиссиясының оң қорытындысы берілген. 

Жалпы Сайрам ауданында жайылымдық жер учаскелерін қайтару бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жайылымдарды елге қайтару жұмысы жалғасатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

626

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.