Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысанды аралады,- деп хабарлайды Turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолын қайта құру құрылысымен танысып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.
Құрылыс басында мердігер мекемелердің басшыларымен кездескен Дархан Сатыбалды бұл жолдың құрылысын уақтылы аяқтаудың, сапасына аса мән берудің маңыздылығын айтып, кемшіліктер бойынша тапсырмалар жүктеді.
Аталған жол құрылысына республикалық бюджеттен 39,6 млрд теңге қаралды. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүгізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС және «Отау-строй» ЖШС атқаруда. «Түркістан-Шәуілдір» жолын қайта құру жобасы 4 кезеңмен жүзеге асады. Жолдың ұзынды 51 шақырымды құрайды. 2022 жылдың қыркүйек айында басталған құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.