Аудан аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен үйлердің қасбеттерін ретке келтіру, халық игілігі үшін берілген балалар ойын алаңшалары мен әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау мақсатында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Turkistan Today.
Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков атқарылуы тиіс жұмыстарды жан-жақты саралап, барлық ауыл, кент округ әкімдеріне тазалық жұмыстарын қарқынды іске асыру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Бүгінде Жартытөбе ауылы мен Аққолтық, Бабата елдімекендерінде бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алды. Онда бірнеше көшелері қоқыстардан тазартылып, жол бойында орналасқан бірқатар нысандардың қасбеттері мен қоршаулары қалыпқа келтірілді.
Жартытөбе ауыл округінде бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ішкі көшелердің барлығына кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.