Түркістан: Созақта “Жасыл белдеу” аумағы 2,7 шақырымға артып, үш мыңнан аса тал егілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 8 сәуір, 2024

Созақта аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Санитарлық тазалықты сақтап, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері белсенділікпен атсалысты. 

150-ге жуық қызметкер «Жасыл белдеу» аумағына жұмылдырылды. Аумақтың көлемі 2,7 шақырымға артып, онда 3000-нан аса көшет егілді. Алдағы уақытта тағы 4000-нан астам тал егіліп, ұлғайған аумақ арнайы шарбақтармен қоршалады. 

«Жасыл белдеу» аумағына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков көгалдандыруға қатысты жұмыстардың басында болды. Жауаптыларға егілген тал көшеттерін күтіп-баптауға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, аталған сенбілікте саябақтар, ішкі көшелер мен үлкен жолдардың бойын, әлеуметтік нысандардың аулаларын қоқыс қалдықтарынан тазартып, талдардың түптерін әктеу шаралары да қоса қамтылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

374

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.