Түркістан: "Таза Қазақстан" акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 12 сәуір, 2024

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында өңірде 56 іс-шара өткізіліп, оларға 20 мыңнан астам адам қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шараға мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері, еріктілер мен облыс тұрғындары қатысты. 

Мәселен, Созақ ауданында өткен «Таза өлке» апталығына 1000-ға тарта тұрғын жұмылдырылған. Ал Сайрам ауданында арық-атыздарды тазартуға жалпы саны 500-ге жуық адам қатысса, Түлкібас ауданында өткен экологиялық акцияға 450 адам атсалысқан. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы «Түркі бағы» және «Жеңіс» саябақтарындағы өткен сенбілікке жалпы 200-ге жуық жас белсенділік танытқан. Сондай-ақ, Кентау қаласында өткен тазалық жұмыстарына 200 жас қатысып, саябақтағы ескерткіштер мен тақтайшаларды шаңнан тазартты.  Бұдан бөлек, Шардара қаласындағы суқойма жағалауында жүргізілген тазалық жұмыстарына 100-ге жуық адам жұмылдырылса, Жетісай қаласында орналасқан Орталық саябақта тазалау жұмыстары жүргізіліп, жалпы 120 азамат белсенділік танытты.  

Айта кетейік, еліміз бойынша ұйымдастырылып жатқан тазалық науқаны 5 аптаға созылады. «Таза өлке» апталығы 6-13 сәуір аралығында өткізілсе, 13-20 сәуір аралығында – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығында – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін - «Өнегелі ұрпақ» апталығы, 4 мамырдан 11 мамырға дейін - «Мөлдір бұлақ» апталығы өтпек. 

437

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.