Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тазалық және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды,- деп хабарлайды Turkistan.today.
Санитарлық тазалықты сақтап, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған бастамаға аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері, тұрғындар аса белсенділікпен атсалысуда.
Атап айтқанда, 100-ге тарта медицина қызметкерлері Шолаққорған ауылындағы арықтарды тазалап, тал көшеттерін әктеуде. Сондай-ақ, қоқыс қалдықтарын жинауда. Сонымен қатар, еріктілер «Жасыл белдеу» аумағына тал көшеттерін отырғызып жатыр. Алдағы уақытта онда 4 000-нан астам тал көшеттері егіледі деп күтілуде. Ауыл-кент, округтердегі көше бойлары әктеліп, тазалық жұмыстары қарқынды жүруде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.