Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында бір ай бойы сенбілік өткізу жоспарланған.
Жоспарға сәйкес, 12 ауылдық округ, 1 қала территориясында тұрғындар мен еріктілердің қатысуымен тазалық шарасы өтті. Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тапсырмасына сәйкес, аудан орталығындағы «Төлеби саябағы» аумағын көркейту, көгаландыру мақсатында 3800 ағаш егу қолға алынды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 30 секторға бөлінген. Саябақ аумағын жасыл желекке орау, экологияны жақсартуға бағытталған іс-шарада қарағаш, яссин, каштан, катальпа ағаштарынан 1200 көшет отырғызылды. Сондай-ақ сенбілік барысында әрбір ұжым өзіне тиесілі аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.
Егілген көшеттерді күтіп-баптау мақсатында автоматтандырылған суғару жүйелері орнатылып, су ұңғымалары қазылған. Сонымен қатар орталықтың гүлденуін жандандыру жұмыстары күнделікті «Саябақтары» КММ-сі жүргізеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.