Түркістан: Төлебиде жаңа спорт кешені салынып жатыр

Түркістан: Төлебиде жаңа спорт кешені салынып жатыр

Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылдық округі, Керегетас елді мекенінде азамат Талғат Сейтовтың демеушілігімен спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Заманауи спорт кешенінде спорт залы, жабық футбол алаңы, киім ауыстыратын бөлмелер мен душ бөлмелері қарастырылған. Кәсіпкер биыл құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.


Төлеби ауданында спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Осы бағытта биыл ауданда 6 кіші футбол алаңшалары салынды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бірінші Мамыр елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ Көксәйек елді мекенінде заманауи спорт кешені салынуда.


Жалпы аудан аумағында 400 спорттық нысандар жұмыс істейді. Атап айтсақ, 68 спорт зал, 294  спорттық алаңдар, 1 стадион, 2 жүзу бассейні. 


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0