Түркістан: Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр

Түркістан: Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр
Бүгінде Төлеби ауданында балық өсіруді қолға алған кәсіпкерлердің саны артып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Соның бірі жеке кәсіпкер Нұрлыхан Әшірбеков. Ол басқарып отырған «Шымкент Балық» ЖШС-і жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлап отыр. Серіктестіктің жұмысымен аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы барып танысты.

Кәсіпкер 3 гектар аумаққа 7 арнайы бассейн салған. Онда балықтың форель түрінің 3 000 данасын өсіріп жатыр. Жалпы аудан аумағында балық шаруашылығымен 14 кәсіпкер айналысады. Шаруашылықтар негізінен балықтың бекіре, форель, сазан, дөңмаңдай, ақ амур түрлерін өсірумен айналысады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0