Түркістан: Төлебиліктер “Таза өлке” апталығы аясында өткен жалпы сенбілікке атсалысты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 14 сәуір, 2024

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының  сәуір айының 6-13 күндеріне жоспарланған  бір аптасы аяқталды,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы  әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  «Таза өлке» айдары тағылған  бұл аптада Төлеби ауданы тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ аудан аумағында көшенің сәнін келтіріп, көркін бұзып тұрған жарамсыз ескі ғимараттарды бұзылуда.  Көшеге қараған ғимараттар қас беттерін боялып, әктелуде.  

Қираған шарбақтарды ауыстырылып, жөнделді.  Көшеде тұрған ескі техникалар алынып,  ағаштың қураған бұтақтары қырқылуда. Көшеттер егіліп, арық-атыздарды реттелуде. Құрылыс қалдықтары шығарылып, баннерлер мен көрнекі құралдары ауыстырылып, сырлануда. Аялдамалар,  мемлекеттік әлеуметтік ғимараттар мен алаңдар ретке келтірілуде. Аудан аумағындағы  саябақтар  аумағын жасыл желекке орау, экологияны жақсартуға бағытталған шарада  қарағаш, яссин, каштан, катальпа ағаштарының көшеттері отырғызылуда.

Жергілікті аудан тұрғындары, жастар, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жалпы сенбілік өтті. Сенбілікке аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, тазалық шарасына атсалысты. 

469

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.