Түркістан: Түлкібас ауданында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Түркістан: Түлкібас ауданында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Түлкібас ауданының орталығында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Егістік алқабынан-сөреге» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Онда экологиялық таза, жергілікті шаруалар өндірген көкөністер, консервіленген өнімдер, ет, жеміс-жидектер және сүт өнімдері нарық бағасынан 10-30 пайыз жеңілдетілген бағада саудаланды. Мәселен, қызанақтың келісі - 110 теңгеден, қой еті - 2300 теңгеден, жоғары сұрыптағы алманың келісі - 300-400 теңге аралығында, балықтың (форель) келісі - 2800 теңгеден, 2 литрлік консервіленген қызанақ пен қияр - 700 теңгеден көпшілікке ұсынылды.

Аталған шараға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов қатысып, сауда қатарларын аралады. Жәрмеңкенің мақсаты - шаруа қожалықтарының өндірген өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасап, тамақ өнімдерін ауыл тұрғындарына нарықтық бағадан төмен бағада ұсыну.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0