Түлкібас ауданы әкімдігі мен ҚР Журналистер одағының қолдауымен аудандық «Шамшырақ» газетінің 92 жылдық мерейтойының құрметіне аудан орталығындағы көшеге «Шамшырақ» атауы берілді.
Көше атауының ашылу салтанантына аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек және ардагер тілшілер мен аудан азаматтары қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.
- Жағымды жаңалықтардың жаршысы болып жүрген аудандық басылым «Шамшырақ» газетінің ұжымын құттықтаймын. Бұл тек газет ұжымының ғана емес, күллі оқырман мен ауданның қуанышы деп білемін. «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» деп Шер ағамыз сіздердің ерен еңбектеріңіздің теңеуін дөп басып айтқандай. Ауданымыздың айшықты жаңалықтарын жеткізуде талмай қалам сілтеп келе жатқан еңбектеріңіз жандана берсін. Шығармашылық шабыт, мол табыс тілеймін,- деді аудан басшысы.
Шара аясында ел ағалары «Шамшырақ» көшесінің бойына тал егіп, көшенің абаттандырылуына өз үлестерін қосты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.