Түркістан туризмін насихаттауға арналған фотокөрме өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 1 наурыз, 2024

Бүгін Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде фотограф Нахып Шынтеміровтың жеке фотокөрмесі өтті,- деп хабарлайды turkistan.today.

Басты мақсат - «Түркістан қаласы - түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы» атануы аясында Түркістан туризмін фото арқылы насихаттау. 

Нахып Шынтеміров – Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің фототарихын жасаушы, өңірге белгілі фотограф. Аталған көрмеде фотографтың бүгінгі түрленген Түркістанның әсем жерлері мен облыстың табиғаты келіскен өңірлері бейнеленген туындылары қойылды. 


Жиында журналист, композитор, профессор  Бекжігіт Сердәлі мен медиа сарапшы, ғалым Молдияр Ергебеков көрменің мән-маңызына тоқталды. Халықаралық туризм және меймандостық университетінің басшылығы көрме иесі мен қонақтарға сый-сыяпат жасады.

 Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

611

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.