Түркістан: Жетісай ауданында жасөспірімдер арасында халықаралық турнирі өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 31 қазан, 2023

Жетісайда еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.  Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі, Жетісай және Мақтаарал аудандарының құрметті азаматы Әбдіғаппар Серікбаевты еске алуға арналған сайыс Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық №1  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Жастар» спорт клубы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.


Шараның ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен спорт ардагерлері мен қоғам қайраткерлері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, аудандық №1  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаев қатысты.


2007-2008, 2009-2011, 2012-2014, 2015-2016 жылы туған жасөспірім балуандар боз кілемде 20, 23, 26, 29, +30, 32, 33, 35, 36, 38, 39, +42, 48, 52, 57, 60 және +80 келі салмақта өзара мықтыларды анықтаған байрақты бәсекеде Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан, Түркістан, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар Төлеби, Сарыағаш, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Сайрам, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан келген 400-ге жуық жас балуан күш сынасты.
Жарыс қорытындысымен командалық есепте өзбекстандық балуандар жүлделі ІІІ орынды иеленсе, ІІ орын Жетісай аудандық №2  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасының қанжығасына байланды. Ал жүлделі І орын Жетісай аудандық №1  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі балуандарына бұйырды. 


Турнир соңында  жеңімпаздар мен белсенді қатысқандар, жастарды спортқа баулып жүрген жаттықтырушылар арнайы дипломдармен, ұйымдастырушылар тағайындаған медальдармен марапатталды.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

553

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.