Түркістан: Жетісайда «ауыл аманатымен» 51 жоба мақұлданды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 12 қыркүйек, 2023


Жетісай ауданына қарасты Ж.Ералиев ауылында пилоттық жоба аясында 71 өтініш түсіп, оның 51-і мақұлданған. Түркістан облысында аталған жоба арқылы кәсіп бастағандар қатары күн санап артып келеді. Сонымен қатар оң қорытынды алған және 80,8 млн. теңгеге бағаланған 13 жоба жылыжай шаруашылығы болса, 208,25 млн. теңгеге мақұлданған 37 жоба сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға, ал 27 млн. теңгенің жобасы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін ашып, сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорнын іске қосуға бағытталған, деп хабарлайды Turkistan Today.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында аудандағы Ж.Ералиев ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, несие алуға ниетті шаруалармен тілдескен аудан әкімі тұрғындарға бағдарламаның тиімді тұстарын түсіндірді. 


– Өңір тұрғындарын «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін барынша тиімді әрі мақсатты пайдалануға шақырамын. Жаңаша, сұранысқа ие кәсіп ашып, табыстарыңызды арттырыңыздар. Аталмыш жоба бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген, – деді аудан басшысы Серік Мамытов. 


Аталған бағдарламамен жобасы мақұлданып, 5,8 млн. несие алған тұрғынның бірі Бахадур Булишов бүгінде ауыл  шаруашылығы саласын нағыз кәсіп көзіне айналдырып отыр. Ол 70 сотық жерінің 30 сотығына  қауын, 25-не болгар бұрышы мен баклажан, ал, қалған 5 сотығына жылыжай арқылы қияр егіп келген кәсіпкер алатын несиесіне 0,15 гектар жерге жылыжай салып, кәсібін кеңейтпек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

625

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.