Жетісай ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында салтанатты іс-шара өткізілді. Оған аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық соттың төрағасы Арман Шындалиев, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым басшылары, мектеп директорлары мен еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.
– Жетісай – еліміздің өзге де өңірлері секілді түрлі этнос өкілдерінің өзара ауызбіршілікте күн кешіп, халқының ынтымағы жарасқан құт мекен. Олар аудан өмірінің әр саласында лайықты еңбек етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Бұл да еңбек қатынастары арқылы бір ортада біте қайнасқан тұрғындардың өзара сыйластығы артып, бір-біріне деген құрметінің молаюына ықпал ететіні сөзсіз, – деген аудан басшысы көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.
С.Сейфуллин атындағы №52 жалпы орта мектебінде өткен мерекелік жиын барысында ел ағалары ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік пен достастықты сақтау мақсатында қазақ халқының жомарттығына шынайы ыстық ықыластарын білдірді. Өйткені, Қазақстан түрлі этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналды.
Салтанатты жиын мектеп оқушылары мен ұстаздарының мерекелік концертіне ұласты. Татулықты ту етіп, патриоттық әндерді шырқаған қатысушылар ынтымақты сипаттайтын достық биін биледі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.