Түркістанда 200 мыңнан аса оқушы «Мен үлгі тұтатын адал адам» тақырыбында эссе жазды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 2 ақпан, 2024

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы 1049 білім беру ұйымдарында өткен «Мен үлгі тұтатын Адал адам» бірыңғай тәрбие сағатында балалар адалдық құндылығын өз ата-аналарының бойынан көретінін жеткізді.
Бірыңғай сағатқа қатысқан 210 мыңға жуық 7 - 11 сыныптың білім алушылар адам бойындағы адалдық қасиетінің болмысын, адалдықты айқындау бағытындағы ой-пікірлерін көрсетіп, эссе жазды, деп хабарлайды Turkistan Today.


Адалдыққа үндейтін шара барысында білім алушылар өздері үлгі тұтатын адал тұлғалардың қатарына ата-аналары мен ұстаздарын, достарын қосатынын көрсеткен. 
Іс шараның нәтижесімен оқушылардың санасына адалдық, парасаттылық  құндылықтарын қалыптастыруды бағыттау үшін тәрбие сағаттарын жиілету,  ашық сабақтарды өту, шығармашылық жұмыстарға бейімдеу, Ұлы тұлғалардың өлеңдері мен нақыл cөздерін жатқа айту бойынша түрлі шаралар өткізу және «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысын жандандыру ұсынылды. 
Бірыңғай сағаттың негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.