Түркістанда Алғыс айту күнінде генералдар ардагерге құрмет көрсетті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 2 наурыз, 2024

Бүгін қос генерал, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен облыстық департамент бастығы Мұрат Қабденов Түркістан қаласындағы жасы 90-ға жақындаған ардагердің халін сұрап, мерекемен құттықтап қайтты,- деп хабарлайды turkistan.today.


Арнайы іссапармен өңірге келген Айдар Мұталікұлы: «Ардақты ардагеріміз болып ортамызда жүргеніңізге, полициядағы мамандарға ақыл-кеңесіңізді аямай, қолдау білдіргеніңізге мың алғыс. Жыл адамы атанған екенсіз, кітаптарыңызды көріп таныстым, шығармашылығыңыз мұқалмасын...», - деп ізгі тілегін жеткізді.


Айта кету керек, ардагер Шаймерден Айтпенбетов ішкі істер органдарының барлық құрылымдарында қызмет еткен, өз саласының маманы. Ол Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, ІІМ-нің «Құрметті зейнеткері», бүгінде 8 ұл-қызынан 37 немере мен 17 шөбере сүйіп отырған абыз ата.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

681

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.