Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Осыған орай, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен және Облыстық мәдениет және туризм басқармасы, облыстық бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен Халықаралық дәрежедегі Қазақстан бейнелеу өнері майталмандарының «Түркістан – түркілердің тұмары» атты симпозиумы басталды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Симпозиумға 12 суретші қатысып, Түркістан тарихынан сыр шертетін 12 көлемді шығарма жазып, ізденіс жұмыстарын музей қорына тапсырады.
Симпозиум киелі Түркістанды өнер тілімен насихаттау, әлемге Түркі әлемінің рухани астанасы деп ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, фестиваль аясында Халықаралық дәрежедегі ТМД елдерінен шақырылған өнертанушы-сарапшылар салынған туындыларға анықтамалық сараптама жұмыстарын жүргізеді.
Фестиваль «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында 27 маусым күні Қазақстан бейнелеу өнері музейлерінің және облыс музейлері басшылары мен қызметкерлері қатысатын ғылыми конференцияға ұласып, фестиваль жұмысын қорытындылайтын ауқымды көрмемен аяқталмақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.