Түркістанда ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай «Даңқ» залы ашылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 23 ақпан, 2023


Облыс орталығындағы Нәзір Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектебінде Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай «Даңқ» залының лентасы қиылды, деп хабарлайды Turkistan Today.  Ардагерлерге тағзым залының аталған білім ошағынан ашылуы өзіндік мән-мағынаға ие. Себебі осы мектептің 8 түлегі сұрапыл соғысқа аттанған қан майданның куәгерлері.


«Кеңес әскерінің қатарында біздер интернационалдық борышымызды өтеп қайттық. Ешқашан соғыс болмасын деп тілеймін. Егеменді еліміздің туы биікте желбіресін. Түркістанда ардагерлердің ұйымын ашқанымызға 24 жыл болды. Осы жылдар аралығында қаладағы университет, колледж студенттерімен кездестік. Мектеп оқушыларымен жүздесіп, әр мектепке барып патриоттық тәрбие сағатын өткізіп жатырмыз», - деді «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов.


Оқу ордасының оқушыларымен жүздескен майдангерлер батырлық – соғысқа барумен өлшенбейтіндігін айтты. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасованың сөзінше, аға буынның ақылы оқушыларға жігер беріп мәңгілік кеудесінде жаңғырып тұрар өмірлік азық болары анық.   


Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толды. Жалпы Түркістан облысынан (бұрынғы ОҚО) 870-ке жуық сарбаз майданға аттанған. Қазір рухани астанада 10 жылға созылған соғысқа қатысқан 139 ардагер тұрады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.