Түркістанда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өткізіледі

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 29 мамыр, 2024

Түркістан қаласында 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай ауқымды іс-шаралар өткізілмек. Облыс орталығындағы «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара ұйымдастырылмақ. Мерекелік жиын барысында «Қуыршақ» театрының қойылымы, балалар үшін аквагрим жасалып, тегін тәттілер үйлестіріледі. Бұл жайында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Бағдарламаға сәйкес, «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде оқушылардың қолөнер жұмыстарының жәрмеңкесі мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ.  Бұдан бөлек, балалар жазушыларының кітаптар көрмесі,  «Drone Challenge» және «ROBO FEST» көрмесі қойылмақ. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан турнир, армрестлинг спортынан әлем чемпиондарымен шеберлік сағаты және «Аралдағы цирк» мерекелік қойылымын көрсету көзделген. Сондай-ақ, «Түркістан балалар көзімен» көркемсурет галереясы, 500 оқушыдан құралған «Dombyra party» флеш-мобы, «Айбын» әскери-патриоттық қозғалысы оқушыларынан құралған топ өнері көрермен назарына ұсынылады» - деді басқарма басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиқызы

Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында спикер облыстағы жазғы лагерьлер жөнінде айта кетті. Биыл Түркістан облысында 35 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагерьлері қызмет көрсетпек. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкер жұмыс істейтін болады.

871

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.