Түркістанда білім-инновация лицейіне оқушыларды емтиханға тіркеу басталды

Түркістанда білім-инновация лицейіне оқушыларды емтиханға тіркеу басталды
Түркістан облысында жаңадан Білім-инновация лицейі салынып жатыр, деп хабарлайды Turkistan Today.
Бір ерекшелігі – облыс тарихында алғаш рет қыздар лицейі де ашылмақ. Облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Түркістан қаласында бой көтерген білім нысанының құрылысымен танысты. Облыс орталығында салынып жатқан жаңа мектептің ішін аралап, құрылыс сапасын бағамдады. Мердігерге жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жаңа білім ұясының жоспары туралы баяндаса, Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев ғимарат құрылысы жөнінде айтып берді.

– Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен білім саласында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Соның бірі әрі сәтті шешім ретінде Білім-инновация лицейінің бой көтеруін айтуға болады. Бұл білім ұясы өңірде білім сапасын арттыруға, Түркістанды білім мен ғылым орталығына айналдыруға үлес қосады деп сенеміз. Себебі Білім-инновация лицейлері елімізде үлкен беделге ие екенін білеміз. Кентау қаласында балабақша ғимаратында ашылған Білім-инновация лицейі жаңа оқу жылынан бастап Түркістан қаласынан жаңадан салынған ғимаратқа көшеді. Демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты өңірде жыл сайын жаңа мектептер салу қажеттілігі туындап жатыр. Мектеп тапшылығының алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жалғасады, – деді Бейсен Тәжібаев.

Жауапты мердігер компания өкілдері қазірге таңда құрылыстың 77% аяқталғанын айтады. Сыртқы-ішкі әрлеу жұмыстары мен техникалық базамен қамтамасыз ету қалды.
Бұдан бөлек, облыс әкімінің орынбасары білім ошағының акт залы мен спорт зал, гимнастика залдарын да аралады. Жаңа ғимарттағы жатақхана 500 орынға арналған. Ол 2023 жылы қыркүйек айында ашылады деп көзделген. 700 орынды оқу ғимараты базасында 30 сынып, 15 лабораториялық, 23 қосымша кабинет бар. Ал асханада бір мезгілде 250 адам тамақтана алады. Оқу ғимаратына жапсарлас орналасқан 500 орынды жатақханасы да бар. Ұлдар мен қыздар бөлек оқып, жатақханада да 2 бөлек блокта тұрады.
Лицейге оқушылар 7 сыныптан бастап қабылданады. Ұлдар мен қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейін жаңадан құру бойынша ұлдар үшін 400-ге жуық орындық, қыздар үшін 300-ге жуық орындық мектеп-лицейін ашу көзделген.

Түркістан Білім-инновация лицейі 2023-2024 оқу жылына 7-8 сынып оқушыларын қабылдау жұмысын бастап кетті. 7-сыныпқа үміткерлер (6-сынып оқушылары) bilemtihan.kz сайты арқылы онлайн форматта құжаттарын жүктейді және емтиханға тіркеледі. Емтиханға тіркелу 27 сәуір, сағат 23:59-ге дейін (Астана уақытымен) жүргізіледі. Емтихан екі кезеңнен жүргізілмек. Қабылдау емтиханы нәтижелері емтихан өткеннен кейін 5 жұмыс күнінен кейін жарияланады.
8-сыныпқа үміткерлер емтиханға тіркелу үшін құжаттарын Түркістан қаласы, Жолбарысхан көшесі 1/1 үй, «Неке сарайы» ғимаратында («Hampton by Hilton» қонақ үйінің жанында) тапсырады. Емтиханға тіркеу 27 сәуір, сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі. Қазірдің өзінде қыздар бойынша 7 сыныпқа 300 оқушы, 8 сыныпқа 170 оқушы тіркеліп үлгерген.

                            
                            <!--Optional Url Button -->
                            
                                                    </div>


                        <div class=

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
6
dislike
0
love
2
funny
0
angry
0
sad
0
wow
2