Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында «27 ақпан - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні!» мерекесіне орай салтанатты шара өтті,- деп хабарлайды turkistan.today.
Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, Түркістан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбекұлы, «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестіктің төрайымы Инара Намазбаева және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Кездесу барысында облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік –экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдері облыс әкімі Д.Сатыбалдының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың алдағы уақытта атқарар жұмыстары пысықталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.