Бүгін Түркістан қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы “Таза өлке” апталығында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды turkistan.today Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық шарасына шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков қатысып, қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуа шақырды. Сенбілікке жалпы 5 мыңнан астам адам атсалысты.
Олардың қатарында жергілікті тұрғындар мен түрлі мекемелер қызметкерлері бар. Әсіресе қарапайым шаһар тұрғындары аса белсенділік танытуда. Сенбілікте саябақтар, скверлер, мекеме аулалары, көше бойлары, арық-атыздар тазаланды.
Көшеттер егіліп, талдар әктелді. Арнайы 25 техника жұмылдырылды. Жалпы бүгінгі шарада жалпы 170 тонна қоқыс шығарылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.