Түркістанда кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық 11,6 пайызға төмендеген

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 26 шілде, 2024

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім және жауапкершілік» атты жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілуде,-деп хабарлайды turkistan.today

Нәтижесінде жыл басынан бері өңірдегі жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 11,6 пайызға төмендеген. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бегімхан Ахметов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

«Жыл басынан бері жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 198 кәмелетке толмаған және тұрғын үйден тыс жерде жүрген 4 358 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 104 мекеме иесіне хаттама толтырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 427 кәмелетке толмаған жасөспірім және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 268 отбасы полицияның есебіне алынды»- деді спикер.   

Сонымен қатар, Бегімхан Төреханұлы ата-аналарды

балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге шақырды. Оларды түрлі үйірмелер мен жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберуге кеңес берді. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

179

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.