Түркістан облысында өткен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық науқанында 200-ден астам тұрғындарға тегін заңгерлік кеңестер берілді, деп хабарлайды Turkistan Today.
«Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған науқанда өңір тұрғындары еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерінен қажетті кеңес алды.
Олардың қатарында белгілі адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік орган басшылары мен өкілдері бар», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов.
Тұрғындардың талап-тілегі мен өзекті сауалдарын қанағаттандыруды көздеген айтулы шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы мен «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары мен Қазақстанның үздік заңгерлері, сондай-ақ адвокаттары екенін атап өткен жөн.
Айта кетейік, 2016-2022 жылдар аралығында 7 мыңнан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдарынан тегін көмек алған халықтың сұранысы негізінде аталған науқан жыл сайын игі дәстүрге айналып, күні бүгінге дейін 150 мыңнан астам ел азаматтары тегін құқықтық кеңестер алды.
Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясының қажет екені байқалды, оны қарапайым қазақстандықтар қолдап, оны өткізу дәстүрге айналды және халық оны күтуде.
Дәстүрге айналған аталмыш акция өткізілу ауқымы мен географиясы, сондай-ақ форматының бірегейлігі бойынша әлемдегі оң көрсеткішке қол жеткізген науқан болып табылады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.