Түркістанда халықаралық балаларды қорғау күнінде 500 оқушы бір мезетте күй тартты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 1 маусым, 2024

Бүгін Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балалармен бірге көрме мен концерттік бағдарламаны тамашалады,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Балаларға жағдай жасау үшін облыста денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым бағытында нақты шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы оқу жылын облыс оқушылары үлкен жетістіктермен аяқтады. Халықаралық, республикалық, ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында дарынды балаларымыз 23 алтын, 17 күміс, 20 қола медальға қол жеткізіді. Бұл – біздің өңірде талантты, білімді, жігерлі балалар өсіп келе жатқанының белгісі.  Қымбатты балалар! Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жазғы демалыстарыңыздың қызықты өтуіне шын жүректен тілектестігімді білдіремін, – деген өңір басшысы халықаралық, республикалық байқаулардың, олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады.  Сондай-ақ қаржылай сыйақы сертификаты тапсырылды. 

Еліміз бойынша жаңа мектептер ашу жөнінен де өңір алдыңғы қатарда. Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары біздің өңірде 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биылғы жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында облыстық бюджеттен 2,6 млрд теңге  бөлінді. Жазғы сауықтыру лагерлерінде 35 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен тегін, «Қазақстан халқына» қоры есебінен 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Бұл маусымның тағы бір ерекшелігі алғаш рет лагерінде шатырлы және этно лагер ұйымдастырылады.

«Керуен сарай» туристік кешенінде өткен жиында тақырыптық көрме жасақталған. 500 оқушыдан құралған домбырашылар бір мезетте күй тартты. Балалардың қолданбалы өнер бағытындағы шығармашылық жұмыстарының жәрмеңкесі өтті. «Шымкент-цирк» мекемесі пен Қуыршақ театрының мерекелік қойылымы көрсетілді. «Кітаптар жазы» көрмесі  және «Farab» кітапханасының балаларға арналған кітаптар көрмесі жасақталды. «Drone challenge» және «Robo fest» көрмесі де мереке сәнін кіргізді.

Колледж студенттерінің өз қолдарынан жасалған ұлттық киім үлгілерінен үздік «Дефиле» топтамасы көпшілік назарына ұсынылды. Мектеп оқушылары арасында «Интеллектуалды ұлт» шахмат,  дойбы ойындарынан көрсетілімдік сайыс өткізілді. «Айбын» әскери-патриоттық қозғалысының оқушыларынан құралған үздік іс-қимылдар көрсетілді. Балалар үшін аквагрим ұйымдастырылды. Аудан, қалалардан келген үздік суретші балалардың «Түркістан балалар көзімен» көркемсурет галереясы ұсынылды.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдараламаға ұласты. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпаздарымен бірге «Ақжайық» музыка мектебінің таланттары өнер көрсетті. Сонымен қатар жалпы облыстың дарынды балалары да кешке атсалысты. 

Айта кетейік, облыс халқының 38%-ы балалар, олардың 155-мыңнан астамы бақшада, 520 мыңы мектепте білім алуда. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында. Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, «Оқушылар сарайы», түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыс істеп тұр. 

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.