Түркістанда халықтың бірлігін бейнелейтін киіз үй тігілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 3 қараша, 2023

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы аясында киіз үй тігу шарасы өтті. 
Салтанатты іс-шараға «Қоғамдық келісім» РММ басшылығы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, ҚХА мүшелері, блогерлер, еріктілер, шалғайдағы ауылда тұратын әр түрлі санаттағы жастар қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.


Игі шарада «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Нұрлан Шубаев барлық этнос өкілдерінің біртұтастық пен келісімде бір ортаны мекен етуі ел іргесінің беріктігіне ықпал ететінін жеткізді.
Нұрлан Хамзаұлы атап өткендей, бұл іс-шара Қазақстан халқының бірлігін, үйлесімді этносаралық қатынастарды, туған ел, Отанды бейнелейтін қазақтың қасиетті символына құрмет көрсету мақсатында өткізілді. Аталған шара ортақ шаңырақ астында елдің бірлігін, Отан игілігі үшін қазақстандықтардың бірлескен еңбегін, әр адамның елдің дамуына қосқан үлесі мен атсалысуын білдіреді.


Жиында ел жастары киіз үйдің уығын шаншып, шаңырағын тіктеп, биікке көтерді, сондай-ақ ізгі ниеттерін білдіріп, ақсақалдардың ақ батасын алды. Салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген этнос өкілдері қазақ жерін, әсіресе қасиетті топырақты қоныс еткендерін қуанышпен жеткізді.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

722

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.